Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 25 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Орман кодексi
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары

Жекеше орман иеленушiлердiң:  

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;  

2) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;  

3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;  

4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477