Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу



Ст. 53 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.  

2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.  

3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 53-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477