Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi



Ст. 59 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.  

Мемлекеттiк орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.  

Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттiк табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады.  

Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.  

2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекітеді. 

3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді. 

Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 59-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477