Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Орман кодексi

ҚР Орман кодексi
67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау



Ст. 67 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттiк орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.  

2. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:  

1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;  

2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;  

3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi жер бетiндегi және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;  

4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды. 

2-1. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi. 

Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...65-1 66 67 68 69 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 67-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477