Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Орман кодексi
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер

Ст. 78 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.  

2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:  

1) артықшылығы бар ағаштар;  

2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;  

3) географиялық дақылдар;  

4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары; 

5) орман генетикалық резерваттары жатады. 

3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады. 

3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады. 

4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттiк орман иеленушiлер жүзеге асырады.  

Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 78-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477