Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 80 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Орман кодексi
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау

1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектiлерiнде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.  

2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.  

3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарына сараптама жасауды олардың ұлттық стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестігі туралы құжаттар беруді уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.  

4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.  

5. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау,
пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру
мен орман өсіру ерекшеліктері

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 80-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477