Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау



Ст. 97 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.

2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiмен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттiк орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.

4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.

Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...118 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 97-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477