Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 104 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Салық кодексi
104-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың осы редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз). 

1. Қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бойынша осы Кодекстің 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұсынылған салықтық өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) салық төлеушінің банктік шотына аудару арқылы жүргізіледі. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың осы редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

2. Осы Кодекстiң 429, 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнге қосылған құн салығы бойынша жеке шоттағы қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасынан аспауға тиiс. 

3. Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасын қайтару салық төлеушінің тұрған жері бойынша, салықтық берешегі болмаған кезде қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасын қайтарудың осы Кодексте көзделген мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізіледі.  

Салық органы салықтық берешек болған кезде, есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті, оның ішінде заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.  

Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.  

4. Салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде мерзімін бұза отырып қайтару жүргізілген осындай асып кету сомасына салық органы салық төлеушінің пайдасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады. 

5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы бюджет сыныптамасының тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару күні салық төлеушінің банктік шотына аударылуға жатады.

Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 104-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ