Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 105 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
105-бап. Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару

1. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген негіздер бойынша:  

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген;  

2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдік төлеген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.  

2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы грант алушының тұрған жері бойынша оның банктік шотына осы Кодекстің 102-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 435-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.  

3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органы олардың банктік шотына осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

Статья 1 ...103 104 105 106 107 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 105-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ