Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
110-бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру



Ст. 110 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Осы Кодекстің 163-бабының 2-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің:  

1) мыналардың: 

тіркелген активтердің; 

преференциялар объектілерінің; 

амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді; 

2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай тауар-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды; 

3) осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады. 

Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9)-12), 14), 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.  

3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады. 

Ескерту. 110-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...108-1 109 110 111 111-1 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 110-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы