Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 125 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Салық кодексi
125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту

Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. 

Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Статья 1 ...123 124 125 126 127 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 125-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ