Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
126-бап. Жалпы ережелер



Ст. 126 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары: 

1) хеджирлеу мақсатында; 

2) базалық активті жеткізу мақсатында; 

3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді. 

2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады. 

3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады: 

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы 

алу 

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы 

алу 

туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар. 

Ескерту. 126-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 126-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы