Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері



Ст. 129 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады. 

2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.  

3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады. 

4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады. 

Ескерту. 129-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


Статья 1 ...127 128 129 130 130-1 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 129-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы