Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 137 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Салық кодексi
137-бап. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары

Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

 

Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

 

Уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды қоспағанда, осы Кодекстің 136-бабы 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады.

 

Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Статья 1 ...133 136 137 138 139 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 137-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ