Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру



Ст. 138 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады. 

2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады. 

Ескерту. 138-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

14-тарау. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ


Статья 1 ...136 137 138 139 140 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 138-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы