Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 139 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар

1. Мыналар: 

1) нұсқамада көрсетiлген салық органының лауазымды адамдары және салық органдары осы Кодекске сәйкес салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар; 

2) салықтық тексерулер бойынша мынадай тексерілетін тұлғалар: 

осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетілген аумақ учаскесіндегі салық төлеуші, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің салық төлеушісі; 

салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады. 

2. Салық органы арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін осындай арнайы білімі және дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.  

Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органының лауазымды адамы қойған жазбаша сұрақтар бойынша тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмелері салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.  

3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттарға, ақпаратқа ие адамдарға, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкіліне де қатысты жүзеге асырылады. 

4. Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға құқылы.  

Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...137 138 139 140 141 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться