Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
144-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау

Ст. 144 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Салық органы салық төлеушінің зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру хронометраждық зерттеп-қарау болып табылады. 

2. Салық органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша шығарады.
Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 144-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ