Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
151-1-бап. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Ст. 151-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;

4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;

5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

Ескерту. 17-тарау 151-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...150 151 151-1 151-2 151-3 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 151-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы