Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
151-2-бап. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Ст. 151-2 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 

1) мыналарды: 

тамақ өнімдерін өндіруді; 

сусындар шығаруды; 

темекі бұйымдарын өндіруді; 

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; 

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; 

жиһаз шығаруды; 

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады. 

2. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша: 

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады. 

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. 

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді. 

Ескерту. 17-тарау 151-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...151 151-1 151-2 151-3 151-4 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 151-2-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы