Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
151-4-бап. Қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Ст. 151-4 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасын қолдану мақсатында "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

тоқыма бұйымдарын өндіруді;

киім шығаруды;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді;

металлургия өнеркәсібін;

жиһаз шығаруды;

автокөлік құралдарын шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) ақпарат және байланыс;

3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 2008.12.10 № 100-IV Заңының 57-б. қараңыз).

2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.

3. Қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:

жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі – заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің кірістері түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.

6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:

1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.

Ескерту. 17-тарау 151-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 208-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...151-2 151-3 151-4 151-5 151-6 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 151-4-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы