Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
151-7-бап. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Ст. 151-7 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 

1) мыналарды: 

тамақ өнімдерін өндіруді; 

сусындар шығаруды; 

темекі бұйымдарын өндіруді; 

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; 

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; 

жиһаздар шығаруды; 

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады. 

2. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша: 

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.  

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. 

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді. 

Ескерту. 17-тарау 151-7-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...151-5 151-6 151-7 151-8 151-9 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 151-7-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы