Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
151-8-бап. Қызметін "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Ст. 151-8 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаздар шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2. Қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

Ескерту. 17-тарау 151-8-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...151-6 151-7 151-8 151-9 151-10 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 151-8-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы