Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері



Ст. 161-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады. 

Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі. 

2. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді. 

3. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді. 

Ескерту. Кодекс 161-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...160 161 161-1 162 163 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 161-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы