Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
161-бап. Есепке алу құжаттары (мәліметтері) және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

Ст. 161 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Егер салықтық тексеру барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін ұсынбаған болса, салық төлеушіге (салық агентіне) көрсетілген құжаттарды ұсыну немесе қалпына келтіру туралы салық органының талабы, сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде табыс етіледі. 

Салық төлеушіге (салық агентіне) талап ету табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органының талабы орындалуға жатады. 

Салық органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген құжаттарды ұсынбау себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.
Статья 1 ...159 160 161 162 163 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 161-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ