Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 166 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
166-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.  

2. Осы баптың 1-тармағының ережесi: 

1) жеке тұлғалардың; 

2) адвокаттар мен медиаторлардың; 

3) қызметін: 

патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып; 

ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде; 

арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа); 

4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі; 

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің; 

6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. 

3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу: 

1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;  

2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;  

3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды. 

4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады. 

5. Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады. 

Осы тармақтың ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды. 

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады. 

6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады: 

1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады; 

2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады; 

3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 

7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: 

1) салық төлеушінің атауы; 

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; 

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі; 

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі; 

5) чектің реттік нөмірі; 

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт; 

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы; 

8) фискалдық белгі; 

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері. 

Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. 

Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс. 

8. Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасын көрсететін деректерді қамтуы мүмкін. 

9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

167-баптың осы редакциясы 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 166-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ