Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 175 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
175-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау

Ескерту. 175-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Салық органдары осы бапта айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады. 

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметiн бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады. 

Жергілікті атқарушы органдардың қызметiн бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және төлемдер бойынша мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады. 

Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі – шешім) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер: 

1) шешiмнiң салық органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi; 

2) уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы және сәйкестендiру нөмiрi; 

3) бақылауды тағайындау негiздемесi; 

4) салық органдарының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарының осы бапқа сәйкес бақылауды жүзеге асыруға тартылатын мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

5) бақылауды жүзеге асыру мерзiмi; 

6) бақылау кезеңі; 

7) бақылауды жүзеге асыру мәселелері; 

8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады. 

Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады. 

2. Салық органдарының шешiмде көрсетiлген лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылатын өзге де адамдар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады. 

Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдарының бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық органдарының лауазымды адамдарын салық салу объектілерін зерттеп-қарауға жіберуге жәрдем көрсетеді. 

Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдарды бақылау салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердiң бір түрi бойынша да, бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн. 

Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салу объектілерін зерттеп-қарауға кедергi келтірілген кезде салық органдарының лауазымды адамдарын бақылауды жүзеге асыру үшін жібермеу туралы акт жасалады. 

Салық органдарының лауазымды адамдарын бақылауды жүргізу үшін жібермеу туралы актiге – бақылауды жүзеге асыратын салық органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебiне жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi. 

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешім данасына қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi. 

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылау жүргiзетiн жұмыскерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде: 

1) жасалған орны мен күнi; 

2) салық органының акт жасаған лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы; 

4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi; 

5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi. 

Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды. 

3. Бақылауды жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылауды тағайындау туралы шешiм табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылауды тағайындаған салық органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн. 

Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды. 

4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң өтуі уәкiлеттi мемлекеттік органға салық органының құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылауды жүргiзу кезiнде сұратылатын құжаттарды ұсыну күнi арасындағы, сондай-ақ салық органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуды жiберу күні мен көрсетілген сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу күні арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады. 

5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұру (қайта бастау) кезінде салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді, онда мынадай деректемелер: 

1) бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрi; 

2) салық органының атауы; 

3) тексерiлетiн уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы және сәйкестендiру нөмiрi; 

4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) шешімнің күні мен тіркеу нөмірі; 

5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесі; 

6) бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаны табыс ету және алу күні туралы белгі көрсетіледі. 

Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізімін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді. 

6. Бақылау аяқталған соң салық органының лауазымды адамы бақылау актiсiн жасайды, онда: 

1) бақылау жүзеге асырылған жер, бақылау актiсi жасалған күн; 

2) салық органының атауы; 

3) салық органының бақылауды жүргiзген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

4) уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы, сәйкестендiру нөмiрi және мекенжайы; 

5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

6) келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүзеге асырылған уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

7) алдыңғы бақылау туралы және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәлiметтер; 

8) жүргiзiлген бақылау нәтижелерi; 

9) басқа да мемлекеттік органдардың бақылауды жүзеге асыруға тартылатын мамандарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіледі. 

7. Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде: 

1) жасалған орны мен күнi; 

2) салық органының акт жасаған лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi; 

4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi; 

5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi. 

8. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап шығарады. 

Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген бұзушылықтарды осы мемлекеттік органның жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап (бұдан әрi – талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi. 

Талапта: 

уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы; 

сәйкестендiру нөмiрi; 

талапты жiберу үшiн негiз; 

талап жiберiлген күн; 

уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi. 

Талап тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшыны алмастыратын адамға) бақылау актiсi табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей, жеке өзіне қолын қойғызып не жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс. 

Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган табыс етілген (алынған) күнінен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиіс. 

9. Бақылау нәтижелерi бойынша анықталған салықтық берешек сомаларын өндiрiп алуды салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 

10. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына анық және уақтылы ұсынылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...173 174 175 176 176‑1 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться