Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс



Ст. 180-2 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

5) инвестициялық алтынды;

6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;

8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.

2. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 3 – 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

6-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;

3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.

8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табыс:

1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;

2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.

9. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

Ескерту. 20-тарау 180-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...180 180-1 180-2 180-3 181 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 180-2-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы