Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс



Ст. 180-3 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады: 

1) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, негізгі құралдар; 

2) аяқталмаған құрылыс объектілері; 

3) орнатылмаған жабдық; 

4) материалдық емес активтер; 

5) биологиялық активтер; 

6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар; 

7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.  

2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады. 

Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.  

4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады. 

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс. 

6. Мынадай жағдайларда: 

1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде; 

2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде; 

3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда; 

4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады. 

Ескерту. 20-тарау 180-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

20-тарауды 180-4-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
§2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,
адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

181-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Статья 1 ...180-1 180-2 180-3 181 182 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 180-3-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы