Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 181 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
181-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Осы Кодекстің 183-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша – шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал салықтық мониторингке жататын салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады. 

2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тақырыптық тексеру, сондай-ақ қайталама тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы. 

3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағым жасаған мәселелер шегінде қаралады. 

4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында ұсынбаған құжаттарын берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттардың анықтығын осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулер барысында анықтауға құқылы. 

5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда: 

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге; 

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге; 

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге; 

4) салықтық тексеруді жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы. 

6. Шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

Статья 1 ...179 180 181 182 183 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 181-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ