Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 183 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Салық кодексi
183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

1. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай: 

1) тақырыптық және қайталама тақырыптық тексерулер жүргізген жағдайда – осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;  

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады. 

2. Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда хабарлайды. 

3. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай: 

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады. 

Бұл ретте осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады; 

2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады. 

Осы тармақшаға сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді. 

 

Статья 1 ...181 182 183 184 185 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 183-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ