Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету



Ст. 205 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.  

Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.  

Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.  

Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.  

Бұл ретте осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.  

Ескерту. 205-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

25-тарауды 205-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...203 204 205 206 207 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 205-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы