Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 214 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
214-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

1. Дара кәсіпкер осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде: 

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға; 

2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқылы. 

Қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп-қисабын ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, дара кәсіпкер өзінің тұрған жері бойынша салық органына салықтық өтінішті ұсынады. 

Салықтық өтініш: 

қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін алдағы кезеңге; 

есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады. 

Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзарту ескерілгенде, есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап үш жылдан аспауға тиiс. 

2. Салық органы салықтық өтініш берілген күні есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті. 

3. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін есеп-қисапты ұсынбау үшін негіз болып табылады. 

4. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту дара кәсіпкерде: 

1) салықтық өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған; 

2) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып салықтық есептілікті ұсынбау фактісі; 

3) салық органы жіберген орындалмаған хабарламалар болған жағдайда қабылданады. 

5. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.  

6. Дара кәсіпкер қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге есеп-қисапты салық органына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы. 

7. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру кезеңінде оны ұсынған кезде дара кәсіпкер осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қызметін қайта бастаған болып танылады. 

8. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық өтінішті немесе кезекті есеп-қисапты ұсынбаған кезде дара кәсіпкер осы Кодекстің 67-бабында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады. 

9. Қызметті тоқтата тұру кезеңінде дара кәсіпкердің қызметін қайта бастау фактілері анықталған жағдайда, салық органы дара кәсіпкерді жазбаша хабардар ете отырып, есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімін қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін, осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған дара кәсіпкердің салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелерінің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметті қайта бастау деп танылады. 

10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды. 

2-параграф. Салықтық тіркелімдер

Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 214-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ