Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
216-бап. Бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі



Ст. 216 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салық агенті осы Кодекстің 212, 212-1 және 212-2-баптарында белгіленген тәртіпті қолданбаған жағдайда, салық агенті бейрезидентке табысты төлеу кезінде осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында немесе 194-бабында айқындалған мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға және ұсталған табыс салығының сомасын осы Кодекстің 161, 195-баптарында белгіленген мерзімдерде бюджетке немесе бейрезидентке ашылған шартты банк салымына аударуға міндетті.  

Табыс салығын шартты банк салымына аудару тәртібі бейрезиденттің тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табысынан ұсталған табыс салығына ғана қолданылады.  

2. Табыс алатын бейрезидент, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент банк салық агентінің бейрезиденттің табысынан табыс салығын аударуының белгіленген мерзіміне дейін шартқа қатысушылармен келісілген нысан бойынша бейрезиденттің шартты банк салымын ашу туралы шарт жасасады.  

3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда, бюджетке табыс салығының және банктік сыйақылардың сомалары бюджетке салық аударылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада аударылады. 

4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады. 

Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады. 

5. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына:  

1) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты (мұндай шарттың көшірмесі аталған салық органында сақталады);  

2) шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомалары көрсетілетін, осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс етуге міндетті.  

6. Салық агенті орналасқан жердегі салық органы шартты банк салымы туралы шартты салық агенті табыс еткен кезден бастап күнтізбелік екі күн ішінде тіркеуге немесе оны тіркеуден бас тартуға міндетті. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін шартты банк салымы туралы шарт қана тіркелуге тиіс. Шартты банк салымы туралы шарт талаптарының осы баптың ережелеріне сәйкес келмеуі оны тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.  

7. Салық органы бейрезиденттің пайдасына шешім қабылдағанға дейін бейрезиденттің және салық агентінің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасына билік етуге құқығы жоқ.  

8. Осы баптың ережелері салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шартқа ғана қолданылады.  

9. Осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығын аудару күніне шартты банк салымы туралы шарт салық органында тіркелмеген жағдайда, бюджетке табыс салығын аудару белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.  

10. Салық агенті салық органына табыс етілетін есеп-қисапта есептелген (төленген) табыстардың және ұсталған салықтардың сомаларын, сондай-ақ солар бойынша табыс салығы есептелген мөлшерлемелерді көрсетуге міндетті.  

11. Салық органы:  

шартты банк салымдарына орналастырылған;  

халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар бейрезидентке қайтарылған;  

бюджетке аударылған табыс салығы сомаларының есебін жүргізуге міндетті. 

Ескерту. 216-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...214 215 216 217 218 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 216-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы