Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 229 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
229-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс

1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кіріске: 

1) өзі бойынша кредитор салық төлеушіге оны орындау туралы талап етуді тоқтатқан мiндеттеменің мөлшері; 

2) егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық төлеушi таратылған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күні кредитор талап етпеген мiндеттеменің мөлшері жатады. 

Осы Кодекске сәйкес салық төлеушіні тарату кезінде таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижесі бойынша қортынды беру көзделген жағдайда, мұндай міндеттеменің мөлшері: 

салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын және аралық тарату балансын бекіту күні осындай баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда), 

алу 

аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады. 

Таратудың салықтық тексеруінің нәтижесі бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актінде көрсетіледі. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасын негізге ала отырып айқындайды және ол камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі; 

3) салықтық кезеңде өзі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi өткен мiндеттеменiң мөлшері; 

4) заңды күшіне енген сот шешiмiнің негізінде кредитор орындалуын талап етуге құқылы болмайтын мiндеттеменің мөлшері жатады. 

2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:  

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – талап ету тоқтатылған күні; 

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен күні; 

осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күні төленуге жататын міндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең. 

3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды. 

4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды. 

5. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

6. Төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-10-бабына сәйкес жүргізілетін мәжбүрлеп қайта құрылымдауға байланысты туындаған міндеттемелердің мөлшерін азайту міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске жатпайды. 

7. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым есептен шығарған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды. 

Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...227‑1 228 229 230 231 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться