Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 232 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
232-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп: 

1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары танылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

2. Осы Кодекстің 250-бабының 2-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп: 

1) борышкер талапты орындаған кезде – орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары; 

2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары; 

4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың (резервтердің) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған сомасы танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомасы банктің 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісіне қосылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1-тармақ 01.01.2020 бастап 01.01.27 дейін қолданыста болады – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.

2-1. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк осы тармақта белгіленген тәртіппен және шарттарда кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялар (резервтер) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс деп танымайды. 

Осы тармақтың ережелері сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 

Осы тармақтың ережелері банк өзіне қарсы осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрған кредит (қарыз) бойынша борышқа қатысты қолданылады, ол мыналардан тұрады: 

негізгі борыш бойынша берешек; 

2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы бойынша берешек; 

кредитке (қарызға) байланысты берешек. 

Осы тармақ кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешірген жағдайда, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде қолданылады: 

1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе; 

2) кредит (қарыз) бойынша және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген болса; 

3) кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе; 

4) мыналарға берілген кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан көп құжат болса: 

бейрезидентке берілген кредит (қарыз) бойынша: 

борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шет мемлекеттің құқық қорғау органына арыз; 

борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына талап қою; 

борышкерде және борышкермен бірлесіп аталған банк алдында ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе кірістер болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты; 

борышты өндіріп алудан, кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі; 

борышкерді банкрот деп тану туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы ұйғарым; 

таратылуына байланысты борышкерді немесе кепіл берушіні заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы шет мемлекеттің құзыретті органының құжаты; 

резидентке берілген кредит (қарыз) бойынша: 

борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына арыз; 

банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат. 

Бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы мынадай жағдайларда талап етілмейді: 

ипотека шартын жасасу күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепілге қойылған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі борыш сомасынан төмен баға бойынша сатылғаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасы кешірілген кезде; 

банк талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға кредит (қарыз) бойынша дисконтпен талап ету құқығын берген кезде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны – бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүддесін білдіретін немесе осындай банктің мүддесі үшін мүлікті басқаруға шет мемлекеттің соты тағайындаған тұлға арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса, талап етілмейді. Осы абзацтың мақсаттары үшін дисконт деп банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма танылады; 

банктің басқару органы мынадай құжаттардың болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіну мүмкін емес екенін құжаттамалық растаған жағдайда: 

қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы құқықтық көмек туралы келісім; 

кредит (қарыз) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасы; 

кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің талап ету құқығының бағалаушы мен борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борыштың бір бөлігі борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кешірілген кезде, бұл ретте, егер: 

кредит (қарыз) берілген шартқа борыштың қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығы) өтеу шартымен борыштың бір бөлігін кешіру көзделетін, борышкер қол қойған өзгеріс болса; 

осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк: 

осы баптың 1-тармағына сәйкес борыш қалдығы мөлшерінде құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерін төмендетуден түсетін кірісті таныса; 

осы Кодекстің 286 және 287-баптарында көзделген кіріске түзету жүргізбесе; 

борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған, борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаса; 

5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, осындай кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса; 

6) кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған осындай кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса; 

7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпарат болса, қолданылады. 

Бұл ретте, борышы кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша: 

1) кредиттік дерекнаманың нөмірі; 

2) кредитті (қарызды) беру күні; 

3) қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;  

4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы және негізгі борыш бөлінісінде кешірілуге жататын борыштың шекті сомасы көрсетіледі. 

Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды. 

3. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

4. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды: 

1) борышкер-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты оны Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау; 

2) борышкер-жеке тұлғаны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану немесе оны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау; 

3) борышкер-жеке тұлғаға бірінші, екінші топтардағы мүгедектiк белгiлеу, сондай-ақ борышкер-жеке тұлғаның қайтыс болу жағдайы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 

6) борышкер-дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару; 

7) екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (ломбардты қоспағанда) басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салықтық кезеңде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1 және 7-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуда төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) және ол бойынша сыйақы, құжаттық есеп айырысулар және кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азайтуы; 

9) осы Кодекстің 250-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыздар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9-1) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

9-1) осы Кодекстің 250-бабының 6-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің, микрокредит бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін микрокредиттер бойынша үмітсіз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасын салықтық кезеңнің басындағы микрокредиттер бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,2 коэффициентке тең; 

10) осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушiнің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғынжай қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырылуға жататын ипотекалық тұрғынжай қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең; 

11) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

12) 01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.

6. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес есептелген, бұрын шегерімге жатқызылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезең соңындағы мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірісі болып танылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақ 01.01.2020 бастап 01.01.27 дейін қолданыста болады – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.

7. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген ережелер сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 

Ескерту. 232-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...230 231 232 233 234 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться