Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар



Ст. 233-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Мыналар: 

комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі; 

комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі; 

үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды. 

2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады. 

Ескерту. Кодекс 233-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...232 233 233-1 233-2 234 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 233-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы