Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 233 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Салық кодексi
233-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар: 

1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма; 

2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес, басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығы басқаға берілген күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 

Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма, егер мұндай талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.  

2. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма кредиттер (қарыздар, микрокредитдар) бойынша талап ету құқығын сатып алатын және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісі болып табылады. 

Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде танылған оң айырма ескерілмейді.
Статья 1 ...231 232 233 234 235 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 233-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ