Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 241 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
241-бап. Жылдық жиынтық кірісті түзету

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен: 

1) дивидендтер; 

2) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 

4) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған кепілдік жарналар сомасы; 

5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 

6) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы; 

7) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған ақша сомасы; 

8) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық кірістер; 

9) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер; 

10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер; 

11) мыналар: 

акционерлiк инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген; 

"Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлар алған және инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы ескерген инвестициялық кірістер; 

11-1) кірісі осы Кодекстің 227-1-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген цифрлық активтерді өткізуден түскен кіріс; 

12) арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша алған, борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер; 

13) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс; 

14) алып тасталды – ҚР 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

15) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы; 

16) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры жүзеге асырылған кепілдік төлемдер жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы; 

17) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалға тапсырудан (жалға беруден) және (немесе) өткізу кезінде алған кірістер; 

18) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаларды басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына бағытталған және соларда болатын кірістер алып тасталуға жатады. Мұндай кірістерде ислам банкінің сыйақысы қамтылмайды; 

19) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниясы алған борышты талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістер; 

20) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алған, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістер алып тасталуға жатады. 

Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады; 

21) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі; 

22) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері; 

23) осы Кодекстің 289-бабында белгіленген шарттар сақталған кезде, коммерциялық ұйымның осы Кодекстің 289-бабының 2-тармағында көзделген кірістері; 

24) білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген өкілінің (агентінің) бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік білім беру кредиттері мен мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты ұйғарылған тұрақсыздық айыбы түріндегі кірістері; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

25) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға өтеусіз беруге арналған мүліктің құны; 

26) зиянды өтеу резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық кірістері; 

27) банк (микроқаржылық ұйым) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде: 

негізгі борышты кешіру; 

сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру; 

банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды осындай тұлға үшін төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс түрінде пайда болған кіріс алып тасталуға жатады. 

28) 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық кірісінен Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымның жылдық жиынтық кірісіне қосылған және бас банкке аударылған кірістері алып тасталады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

Бұл ретте, алынуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістерге жатқызу уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

Банктің жылдық жиынтық кірісінен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан осындай ұйымға бұрын берілген, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады. 

2. Жылдық жиынтық кірістен:  

1) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) бейрезидент – заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі алған дивиденттер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды; 

4) алып тасталды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Салық төлеушi осының алдындағы салықтық кезеңде қолданған запастарды бағалау әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісі жаңа бағалау әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады. 

Салық төлеушi запастарды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салықтық кезеңнің басынан бастап жүргiзедi. 

Ескерту. 241-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-параграф. Шегерімдер

Статья 1 ...239 240 241 242 243 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться