Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу



Ст. 244-2 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.

2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.

3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.

4. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжатты береді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжат қаржылық қамтамасыз ету болған кезде беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда бюджет шығындары қаржылық қамтамасыз ету есебінен өтеледі.

Бюджет шығындарын өтеу мақсаттары үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:

ақшамен;

банк кепілдігімен;

кепілдемемен;

мүлік кепілімен;

сақтандыру шартымен жүргізіледі.

Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.

5. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органына басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомадағы қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ бюджет шығындарын қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ескерту. Кодекс 244-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...244 244-1 244-2 244-3 244-4 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 244-2-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы