Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
244-3-бап. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері



Ст. 244-3 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады. 

Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және олардың кедендік бақылауда болуы шартымен инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) түсініледі. 

2. Осы бапқа сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 

1) "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт); 

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері; 

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері; 

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері. 

2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді. 

3. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады. 

Ескерту. Кодекс 244-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...244-1 244-2 244-3 244-4 245 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 244-3-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы