Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу



Ст. 244-4 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Алтын өндіруді және (немесе) шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады. 

2. Мыналар: 

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмелері; 

3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады. 

Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 248-бабының 16) тармақшасында өз өндiрiсiнің шикiзаты деп тұлғаның дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаты түсініледі. 

Ескерту. Кодекс 244-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...244-2 244-3 244-4 245 246 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 244-4-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы