Ст. 249 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
249-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай шығыстарды:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
4) осы Кодекстің 250-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін ұлғайтуды;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты өзге шығыстарын шегерімге жатқызуға құқылы.
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты шегерімдер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректері негізінде айқындалады.
2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:
Ш х (А/Б), мұнда:
Ш – есепті салықтық кезеңде төленуге жататын (төленген) шығыстар;
А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) түріндегі кіріс сомасынан аспауға тиіс.
Ескерту. 249-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»
Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?
Приговор был такой:
………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.
Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.
Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.
Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?
Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей