Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 250 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Салық кодексi
250-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерім

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз). 

1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. 

Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады. 

Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге: 

1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға; 

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға; 

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; 

4) жабылмаған аккредитивтерге, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

Осы тармақтың ережелері: 

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің; 

бұрын өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

2. Банктердің бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. 

Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады. 

Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алу үшін осындай бас банк еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасы шегерiмге жатады. 

Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды. 

Банктер екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы емес.  

3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың: 

1) қаржы лизингін; 

2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизиялар (резервтер) жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. 

Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

4. Осы баптың 1-тармағының ережелері бұрын өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.  

5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңінің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегеруге құқығы бар. 

Осы тармақтың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды. 

6. Микроқаржы ұйымдарының, өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын, сондай-ақ олар бойынша сыйақыларды шегеруге құқығы бар. 

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

7. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 100 пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге: 

банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге; 

банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда); 

құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; 

жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. 

Провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады. 

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

8-тармақ 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

8. Осы баптың 1, 3, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды қалыптастырудың жаңа стандартына көшу нәтижесінде туындаған провизиялар мөлшерін біржолғы ұлғайту сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Статья 1 ...248 249 250 251 252 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 250-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ