Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 255 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының және жүк тасымалдаушының шығыстарын Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес шегеру

Ескерту. 255-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес: 

ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың; 

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қордың ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға (ақша аударуға) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай: 

есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сома, 

алу 

есепті салықтық кезеңде осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар деген тәртіппен айқындалған оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс. 

3. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.

4. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.

5. 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

6. 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

7. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар. 

8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 255-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 295-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...253 254 255 256 257 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться