Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 257 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Салық кодексi
257-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру

1. Жұмыс берушінің: 

1) мыналарды: 

тіркелген активтердің; 

преференциялар объектілерінің; 

амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатындарды; 

2) запастардың өзіндік құнына қосылатындарды және осындай запастардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өзіндік құны арқылы шегерімге жатқызылуға жататындарды; 

3) осы Кодекстің 272-бабының 5-тармағына сәйкес келесі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады. 

Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған шығыстары түріндегі жұмыскердің кірісі де жатады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында айқындалған, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады. 

3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.

Статья 1 ...255 256 257 258 259 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 257-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ