Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 258 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
258-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге, барлауға және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерi

1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылған бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) – 6), 8) – 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру жөніндегі шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын түзеді. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға: 

1) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) – 6), 8) – 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру жөніндегі шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 268-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына қосуға жататын шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүргізілген келесі шығыстар жатады; 

2) басқа да шығыстар жатады.  

Бұл ретте, осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақшада көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жеке тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттарында шегерімге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық кірістен амортизациялық аударымдар түрінде шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салықтық кезеңнің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі. 

Көрсетілген тәртіп: 

егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатады; 

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өзінен барлау учаскесінің бөлігін бөліп беру жүргізілетін барлауға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы осындай учаске бөліп берілген және бөліп берілген жер қойнауы учаскесі бойынша өндіруге жеке келісімшарт жасалған жағдайда да қолданылады. Бұл ретте амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстардың өндіруге арналған келісімшарт бойынша шегерімге жатқызу мақсаттары үшін ауыстырылуға жататын сомасы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша бөліп беру кезіне дейін жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасында барлау учаскесінің осындай бөліп берілетін бөлігіне тиесілі тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша айқындалады.  

Өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң аяқтаған жағдайда, амортизацияланатын активтер тобының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан құндық балансы шегерімге жатады. 

Осы Кодекстің осы бабының және 260-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру: 

1) барлауға арналған, сондай-ақ запастары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган запастарды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын; 

2) қосымша геологиялық зерделеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін запастарды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың запастары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сарапшылық қорытындысымен расталған бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді. 

3. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутектердің өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаттары үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға іс жүзінде жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы есепке алына отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады: 

1) өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген бір бөлігі осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады; 

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салықтық кезеңде шегерімге жатқызылады. 

Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды. 

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар (Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа): 

1) осы Кодекстің 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жататын кірістерді қоспағанда, геологиялық зерделеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған кірістердің; 

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған кірістердің; 

3) жер қойнауын пайдалану құқығын немесе оның бір бөлігін өткізуден алынған кірістердің; 

4) амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағына сәйкес түзілген жеке тобында есепке алынған активтердің жарғылық капиталға салым ретінде берілу кезіндегі құнының сомасына азайтылады. Бұл ретте мұндай құн заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны негізінде айқындалады; 

5) амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағына сәйкес түзілген жеке тобында есепке алынатын, өтеусіз берілген активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, бірақ аталған активтердің берілу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнынан кем емес құнының сомасына азайтылады. 

5. Осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен, материалдық емес активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығыстарға да қолданылады.

Статья 1 ...256 257 258 259 260 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 258-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ