Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 260 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
260-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң уранды жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер

1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде пайдалану блоктарын (полигондарын) уранды жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіруге дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен, амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жеке тобын түзеді. 

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге: 

1) блоктарда (полигондарда) салынған сору, айдау және технологиялық байқау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер жөніндегі шығындар; 

2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдау және сору коллекторлары; 

3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар; 

4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар; 

5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары; 

6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары; 

7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары; 

8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды қабылдау тораптары және сұйық реагенттер қоймасы, сондай-ақ қышқылқұбыржолдары; 

9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары; 

10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар; 

11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған, басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар; 

12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбілдік желілер; 

13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын процестерді бақылау және автоматтандыру аппаратурасы; 

14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбыржолдары; 

15) блоктарға (полигондарға) апаратын және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар; 

16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар; 

17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныш; 

18) қышқылдандыруға арналған күкірт қышқылы жатады. 

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады. 

Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жеке тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттарында шегерімге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi. 

Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуының деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады. 

Амортизациялық аударымдар сомасы амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағына сәйкес түзілген тобын блоктар немесе тұтас кен орны (полигон) бойынша есепке алу әдісіне сәйкес мына формула бойынша айқындалады: 

С1 + С2 + С3 

S = -------------------- х V4, мұнда: 

V1 + V2 + V3 

S – амортизациялық аударымдар сомасы; 

С1 – амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің басындағы құны; 

C2 – осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, ағымдағы салықтық кезеңде жүргізілген шығындар (шығыстар); 

С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны; 

V1 – уран запастарының салықтық кезеңнің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі; 

V2 – салықтық кезеңде өзі бойынша өндіруге дайындық жұмыстарының бүкіл көлемі аяқталған уран запастарының өндіруге дайын физикалық көлемі; 

V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран запастарының өндіруге дайын физикалық көлемі; 

V4 – салықтық кезеңде өндірілген уранның физикалық көлемі.  

2009 жылғы салықтық кезең үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің басындағы құны деп уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындардың (шығыстардың) 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын сомасы танылады. 

2009 жылдан кейінгі келесі салықтық кезеңдерде амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады: 

амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің басындағы құны 

қосу 

өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, ағымдағы салықтық кезеңде жүргізілген шығындар (шығыстар), 

қосу 

осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтер тобын үшінші тұлғалардан сатып алу жөніндегі шығындар, 

қосу 

осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны, 

алу 

салықтық кезеңдегі амортизациялық аударымдар сомасы. 

2009 жылғы салықтық кезең үшін уран запастарының салықтық кезеңнің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран запастарының өндіруге дайын физикалық көлемі танылады. 

2009 жылдан кейінгі келесі салықтық кезеңдерде уран запастарының салықтық кезеңнің басындағы өндіруге дайын көлемі запастардың алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы өндіруге дайын физикалық көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады: 

уран запастарының салықтық кезеңнің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі 

қосу 

салықтық кезеңде өздері бойынша өндіруге дайындық жұмыстарының бүкіл көлемі аяқталған уран запастарының физикалық көлемі, 

қосу 

жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран запастарының өндіруге дайын физикалық көлемі, 

алу 

салықтық кезең ішінде өндірілген уранның көлемі. 

Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде өндірілген уранның іс жүзіндегі көлемінің саны осы пайдалану блогының уран запастарының өндіруге дайын іс жүзіндегі көлемінің санынан аз болған жағдайда, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі ол салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны есебінен шығарылатын салықтық кезеңде шегерімге жатқызылады.  

Өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда, амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салықтық кезеңде шегерімге жатады. 

3. Осы бапта белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына да қолданылады. 

Үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобы келіп түскен кезде, оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын сатып алу құны осындай активтер тобының құны болып табылады. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобы жарғылық капиталға салым ретінде алынған кезде, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны осындай активтер тобының құны болып табылады. 

Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...258 259 260 261 262 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться