Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
262-бап. Бөлек есептеу әдiсi



Ст. 262 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.  

2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-1-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады.

2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорциялы әдiсiн пайдаланатын ұйымның: 

мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды); 

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады.

2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының: 

күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды); 

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар. 

2-3. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабының 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі. 

3. Қаржы лизингіне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің мүлiктi қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.  

4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.  

5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар. 

5-1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

6-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.

6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар. 

Ескерту. 262-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-тарау. ШОТ-ФАКТУРА


Статья 1 ...260 261 262 263 264 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 262-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы