Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 266 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
266-бап. Тіркелген активтер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады: 

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, келіп түскен кезде салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынған және есепті және (немесе) алдағы кезеңдерде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер; 

2) концессия шарты шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер; 

3) кіріс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;  

4) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған және бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған мүлікке қатысты шегілген келесі шығыстар; 

5) жалға берушіде – лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген, осындай шарт бойынша берілгеннен кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынбайтын мүлік. 

2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды: 

1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес салық салу мақсаттарында есепке алынатын негізгі құралдар және материалдық емес активтер; 

2) мыналарды: 

осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді; 

осындай активтерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша есепке алуға байланысты өздері бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда, өздері бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер; 

3) жер; 

4) музей құндылықтары; 

5) сәулет және өнер ескерткіштері; 

6) ортақ пайдаланымдағы құрылысжайлар: концессия шарты шеңберінде концессионер құрған және (немесе) алған, концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар; 

7) аяқталмаған күрделі құрылыс; 

8) фильм қорына жататын объектілер; 

9) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары; 

10) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар; 

11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған деп танылған және солай деп ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтер; 

12) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық кірістен қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген активтер; 

13) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген активтер; 

14) осы Кодекстің 268-бабының 14-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең ішіндегі преференциялар объектілері; 

15) осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; 

16) осы Кодекстің 260-бабында көрсетілген активтер; 

17) жалға алушыда – лизинг шарты бойынша алынған активтерден басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға алынған, осындай шарт бойынша алынғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынатын активтер; 

18) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес салық салынатын кірісті азайту жүргізілген активтер. 

Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...264 265 266 267 268 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться