Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 269 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Салық кодексi
269-бап. Жекелеген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансын қалыптастыру

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде, тіркелген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны олардың бастапқы құны болып табылады. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 264-бабының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдаланылуы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады. 

Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады. 

Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активтің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады. 

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:  

осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнының; 

осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының; 

осындай салық төлеуші активті алғаш пайдалануға енгізген күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркелген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған оны реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар, амортизацияның есеп айырысу құнына азайтылған, осы Кодекстің 264-бабының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркелген актив болып танылады. 

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың: 

осы тармаққа сәйкес айқындалған реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасының; 

осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының; 

реконструкциялау, жаңғырту аяқталған күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

Осы тармақтың, осы Кодекстің 334-бабы 3-тармағының және 520-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде: 

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту; 

негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту; 

реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады. 

3. Тіркелген актив осы Кодекстің 267-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілуге жататын топқа қарай амортизацияның мынадай айлық нормалары қолданылады: 

Р/с
№ 
Топтың
№ 
Тіркелген активтердің атауы  Амортизацияның айлық нормасы % 
1.  Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар  0,83 
2.  II  Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  2,08 
3.  III  Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық  3,33 
4.  IV  Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы  1,25 

 

Реконструкциялау және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркелген актив осы баптың 2-тармағын қолдану мақсаттарында реконструкциялауға және жаңғыртуға ұшыраған тіркелген актив енгізілуге жататын топқа енгізіледі. 

4. Тіркелген активтердің бастапқы құны мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:  

шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан; 

салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін күнтізбелік 12 айдан аз уақыт қолданған; 

салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезде осы тармаққа сәйкес айқындалады. 

Тіркелген активтердің бастапқы құны шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданыла бастаған күннің алдындағы күнгі құндық топтардың (кіші топтардың) және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылған кезеңде осы Кодекстің 266 – 268 және 270 – 273-баптарына сәйкес айқындалған тіркелген активтер бойынша шегерімдердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Статья 1 ...267 268 269 270 271 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 269-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ